Димаш Құдайбергеннің Instagram-парақшасында таэквондомен айналысып жатқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде жарияланған видеодан Димаштың арнайы жаттықтырушы көмегімен спортпен белсенді түрде айналысып жатқанын көруге болады.
"Шынымды айтсам, таэквондомен айналыспағалы көп болды, бірақ жақын күндері бұрынғы қалпыма ораламын деп ойлаймын", деп жазды Димаш Құдайберген.
Дәл осы видеоны facebook-парақшасында бөліскен Қанат Айтбаев ән шырқау үшін денең ширақ болу керегін жазды.
"Сахнада еркін ән шырқау үшін денең ширақ болып, бойда қан ойнап тұруы керек", - деді Қанат Айтбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!