Димаш Құдайбергеннің інісі Мансұр Құдайберген Астанада концерт-спектакль өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Димаш Құдайберген бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
9 қараша күні Астанада Мансұрдың және басқа да танымал орындаушылардың қатысуымен концерт өтеді.
"Бұл кеште көрермендерді жас талант, мульти-аспапшы, аранжировкашы, пианист Димаш - Мансұр Құдайбергендер де қуантады", - делінген концертке шақыруда.
Концерт 9 қараша күні LЯ театрында өтеді.
Еске салайық, жақында әнші Димаш Құдайбергеннің Республика сарайында алғаш рет концерт өткізгелі тұрған достарына бата бергені туралы жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!