"Димаштың жолымен". Жас әнші Садраддин Қытайдағы фанаттарымен кездесті

"Димаштың жолымен". Жас әнші Садраддин Қытайдағы фанаттарымен кездесті
Фото: instagram.com/sadraddinn/

Қазақстандық жас әнші Садраддин Қытай еліне барып, фанаттарымен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Садраддин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. 

"Бәріне сәлем, келгендеріңізге рақмет! Ана жақтағы адамның бәрін қарашы!" - деген жазба қалдырған жас әнші өзімен суретке түсу үшін жиналған және қолына түрлі жазуы бар қағаз ұстаған адамдардың көптігіне таңғалғанын жасыра алмады. 

Әншінің Қытайда танымал болуына "Димаштың жолымен Қытайды бағындырды" деп баға беріп жатқан оқырмандар аз емес. 

"Қытай, келесі кездескенше!" деп жазғанына қарағанда Садраддин Қытайдағы тыңдармандарын қуанту үшін тағы баруды жоспарлап қойған сияқты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева