Жақында ғана жарыққа шыққан Димаштың жаңа әнін жанкүйерлері бар болғаны 6-7 сағатта жаттап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Премьерадан кейін 6-7 сағатта әнді қалайша жаттап алуға болады? Dears, мені таңғалдырды. Ертең мен ресми YouTube арнамда жеке орындауымдағы видеоны жариялаймын", - деп жазды ол жанкүйерлерімен бірге жаңа әнін орындап тұрған видеосын жариялап.
Еске сала кетейік, жақында Димаш Құдайберген "I am a Singer" жобасында жаңа әнін екі тілде орындаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!