Димаштың жаңа әнін 6 сағатта жаттап алған жанкүйерлері желі қолданушыларын таңғалдырды

Димаштың жаңа әнін 6 сағатта жаттап алған жанкүйерлері желі қолданушыларын таңғалдырды
Фото: Скриншот kudaibergenov.dimash

Жақында ғана жарыққа шыққан Димаштың жаңа әнін жанкүйерлері бар болғаны 6-7 сағатта жаттап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Премьерадан кейін 6-7 сағатта әнді қалайша жаттап алуға болады? Dears, мені таңғалдырды. Ертең мен ресми YouTube арнамда жеке орындауымдағы видеоны жариялаймын", - деп жазды ол жанкүйерлерімен бірге жаңа әнін орындап тұрған видеосын жариялап. 

Еске сала кетейік, жақында Димаш Құдайберген "I am a Singer" жобасында жаңа әнін екі тілде орындаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева