Димаш Құдайбергеннің Ресей атынан Евровидениеге қатысады деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады. Мұны "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова мәлімдеді.
- Әлеуметтік желіде Димаштың Евровидениеге қатысатыны жайлы өтірік ақпарат тарап жатыр. Өтініш беріп, шорт-параққа ілінгені айтылуда. Алайда шығармашылық әртістің ресми өкілі ретінде айтарым: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Димаш Құдайберген Евровидениеге қатыспайды. Қазір ол Ресей мен Еуропада өтетін концерттеріне дайындалуда, - дейді Назым Жанғазинова.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен ресейлік "Super" журналында Димаштың Zivert (Юлия Зиверт), Полина Гагарина, Александр Панайотов, Ольга Бузова сынды орыс әншілерімен Евровидениеге қатысу үшін дауысқа түсіп жатқаны жайлы жазылған ақпарат тарап кеткен еді.