Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің үйлену тойы өтті

8 тамызда Шымкентте танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің үйлену тойы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Раушан Құдайбергеннің таңдауы театр әртісі Ермахан Аймаханға түсті.

Мерекелік кештен түсірілген фото мен бейнежазбалар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Тойға Құралай мен Мирас, Ұлықпан және Айған Жолдасова, Досымжан Таңатаров, Асхат Маемиров сынды мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Еске салайық, 1 тамызда өткен ұзату тойында Димаш Құдайберген інісі Мансұрмен бірге "Қарлығаш ұя салғанда" әнін орындап, қонақтарға ерекше әсер сыйлаған еді.

"Раушантайыма Мансұр ініммен бірге, "Қарлығашым ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол, қарлығашым менің!" - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!