- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайбергеннің ата-анасы...
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға ерекше сыйлық жасады
Фото:
instagram.com/sveta_aitbaeva73/
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды жеңісті оралуымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай TikTok парақшасында Димаштың ата-анасы құндыз тон сыйға тартқан видеосымен бөлісті.
Өзіңе шап-шақ екен. Апаңның көзмөлшері дұрыс болды. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсетіп, жеңісті, тұғырлы жолда жүргені үшін ат мінгіземіз, - деді Қанат Айтбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева