- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайбергеннің ата-анасы...
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы болашақ келіні туралы айтты
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында болашақ келіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қандай келініңіз болғанын қалайсыз" деген сұраққа анасы жауап берді.
"Қазақта адал сүт емген бала болса деп бір ауыз сөзбен айтып кеткен ғой. Сондай адам жолықса дейміз. Болған сәтте, қуанамыз. Келінімізді күтіп жүрміз. Өзінің бір сәті болар деп ойлаймыз. Тағдырдың қай күні сый тартатынын білмейміз. Жақсы жаңалық болса, бөлісеміз", – деді ол.
Сондай-ақ ол Димаштың жанкүйерлерінің арасында қазақша еркін сөйлеп, домбыра тартатындар көп екенін айтты.
"Димаштың жанкүйерлерінің арасында қазақ тілін еркін сөйлейтін деңгейге жеткендер бар. Онлайн қазақ тілі мұғалімдерінен сабақ алады. Дәл сондай бір қызықты айтып өтейін. Чилиден келген Андрея деген қыз домбыраны да онлайн үйреніп алған. Димаштың жанкүйерлерінің арасында концерт болар алдында отырыс өткізіп, тойлайтын дәстүр бар. Осы жолы астаналық жанкүйерлер әдемі басқосу өткізген. Солардың ортасында Чилиден келген Андрея еліміздегі күйші қыздардың бірі Айгүл Үлкенбаевамен дуэт ойнап, таңғалдырды", - деді анасы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы