Димаш Құдайберген Қазақстанның астанасында екі күн қатарынан жеке концертін өткізді. Концертке әлемнің 80 елінен 10 мыңнан астам шетелдік көрермен келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай ақпаратты dimashnews.com сайты жариялады.
13 және 14 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қазақстанның астанасында екі жеке концертін өткізді. Бастапқыда бір ғана концерт жоспарланған, бірақ билеттер тез сатылып кеткендіктен, екінші шоу өткізу туралы шешім қабылданған. Айта кетейік, екі кеште де аншлаг болды.
Концертті Дархан Рақымғалиев жетекшілік ететін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі мен Қазақ ұлттық өнер университеті хорымен сүйемелденді.
Димаштың жеке концерттерінде алғаш рет әртістің өзі және толық көрерменнің орындауында Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
Димаштың концертін 80 елден 10 мыңнан астам шетелдік көрермен тамашалады. Кешті ұйымдастыруда 200-ден астам кәсіби мамандар жұмыс істеп, 350-ден астам халықаралық топ Димашпен бірге сахнада өнер көрсетті. Олардың арасында Қазақстан, Қытай, Ресей, Украина, Камерун, Гана, Уганда, Мексика, Испания және Кения елдерінің бишілері, оркестршілері мен әншілері бар. Бұл іс-шара музыка мен мәдениет саласында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған адамдарды біріктірген халықаралық сипаты басым болды.
Айта кетейік, концерт өтіп жатқанда Димаш Құдайберген сахнадан құлап кете жаздаған оператор жігітті құтқарып қалып, халықты тәнті еткен болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз