- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайбергенге көне...
Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесі сыйға тартылды
Академик Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесін сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "dimashnews" сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, бұл қобыз VI-VII ғасырлардан қалған мұра деген болжам бар. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде - ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылды. Ал, II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негізгі кілт көзі.
Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылған.
"Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінгі күнге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол тек қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік", - дейді Дархан Қыдырәлі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның ең сұлу қызы Димаш Құдайбергеннің сыйлығын аукционға шығаратыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қарасүйек дегеніміз кімдер?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә