Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммиті өтіп жатыр. Саммит аясында ел басшыларына арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Концертте "Түркі әлемі" ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады. Сондай-ақ іс-шара аясында түркиялық танымал әнші Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Концерт аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев Димашпен кездесті. Өзге мемлекеттердің басшылары да қазақ әншісінің өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!