Димаш Құдайберген Тоқаевпен ұшақта әңгімелесіп отырған сәтінің фотосын жүктеді

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшағымен ұшып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Димаш Құдайберген Президентпен түскен фотосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

"Көк аспанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелескен сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!", -  деп жазды ол.

Димаш Құдайберген мұнан кейін әуе кемесінде түсірілген видеоны да жариялады.

Еске салайық, мұның алдында Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Орталық Азия елдері президенттерінің алдында өнер көрсеткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!