Димаш Құдайберген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Орталық Азия елдері президенттерінің алдында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Борт N1 Telegram-каналы хабарлады.
"Тан династиясының Лотос саябағында Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Си Цзиньпиннің кездесуі ресми қабылдаумен жалғасты. Көшбасшыларға арнап қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген өнер көрсетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, қазір Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.
Ол бүгін Қытайдың Сиань қаласына барды. Президент онда "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысады. Саммиттің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!