- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайберген шахтада...
Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңге аударды
Димаш Құдайберген шахтада қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңге аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы жазды
"Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды. Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын", - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.
Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Табиғи ресурстар қалай жіктеледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова