Димаш Құдайберген Республика сарайында бата берді

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Республика сарайында алғаш рет концерт өткізгелі тұрған достарына бата беріп, сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші өнердегі достары Темірлан мен Ернаттың алғашқы концертіне барды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

"Ұлттық өнерді дәріптеп жүрген, өнердегі достарым Temirlan&Yernat-тың Алматы қаласындағы Республика сарайында өткен алғашқы ауқымды концертінің алдында, қазақы дәстүрмен бата беріп, сәттілік тіледім! Шығармашылық кештері ойдағыдай өтіп, халықтың қошеметіне бөленгеніне мыңда бір шүкір. Еліміздің ұлттық өнері үшін жасап жатқан қызметтерің үшін рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін!", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергенді тербеген бесік музейге қойылғаны туралы жазған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!