Жазғы олимпиада ойындарының жүлдегері Назым Қызайбай Динара Сәтжанның Late night шоуына берген сұхбатында әнші Димаш Құдайбергенмен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шоу барысында Динара Сәтжан боксшыға көпке танымал бойдақ жігіттерді ұсынды. Олардың арасында Димаш Құдайберген де бар.
"Димаш Құдайбергенмен жас айырмашылығымыз 1 жас. Бұл қорқынышты емес, одан да кішкентай жігіттер жазып жатады. Димаш екеуміз әлеуметтік желіде бір-бірімізге тіркелгенбіз, арасында құттықтап тұрады, "Сәлем, құттықтаймын" деп жазып жібереді. Мен де кейде Stories-теріне жауап беремін. Қай жылы екені есімде жоқ, Қысқы Универсиада өткен жылы өмірде көріскенбіз, бірақ ол кезде не болғаны есімде жоқ. Оны мен тек жұлдыз ретінде көремін", - деді ол.
Еске сала кетейік, боксшы Назым Қызайбай 2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында ел қоржынына қола медаль салған еді.
Кейінірек ол алғашқы медалін сатып жібергісі келгенін жеткізді.
"Кездесуге ешкім шақырмайды". Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!