Танымал әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазыны көрсетіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл тазыны бірнеше ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлағанын жазды. Ал Димаш оған Ғарышкер деп ат қойған.
"Осыдан бірнеше ай бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған "Ғарышкер" деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген", - деп жазды Димаш.
Әнші Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен де құттықтады.
"Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!" – деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!