Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі dimashnews.com-ға сілтеме жасап.
11 сәуірде Қытайдың Макао қаласында Venetian Macao Arena алаңында 2026 Weibo Gala атты салтанатты кештің ашылуы өтіп, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бас қосқан. Халық әртісі Димаш Құдайберген кештің музыкалық бағдарламасына қатысқан.
Сонымен қатар, ол Макаода продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды. Оған Weibo Macau China тарапынан "Халықаралық мәдени алмасуға қосқан үлесі үшін" сыйлығы табысталды.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде танымал әншілер Қанат Айтбаев пен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген. Қазір әнші 31 жаста. Ол халықаралық байқауларда топ жарып, үлкен танымалдыққа ие болды.
Бұған дейін Димаш Құдайберген Қазақстанның Халық әртісі атанған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!