Танымал әнші Димаш Құдайберген Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасыларға қолдау білдіріп, қолдан келгенше көмектесуге уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Қостанайдағы жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды… Еліміз аман болсыншы… Осы залалдан зардап шегіп жатқан ағайындарға қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Бірлігімізді дәлелдеп, бауырларымызға қол ұшын беруге атсалысайық, жігіттер!" - делінген жазбасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!