Әнші Димаш Құдайберген кіндік әке атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Димаш Құдайберген махаббат хикаясымен көпшілікке танылған жұп Мәрлен Нұргасенов пен Әнел Мұратованың ұлының кіндік әкесі болды. Бұл туралы Әнел Мұратова Instagram-да хабарлап, Димаш Құдайбергенмен түскен фотоларын жүктеді.
"Баламыздын кіндік папасымен алғашқы фотосы☺️) Біздін Дималёктін кіндік папасына @kudaibergenov.dimash-қа көп рахмет, Димаш сияқты ел сыйлайтын жақсы, адал жан болсын❤️", - деп жазды Әнел Мұратова.
Бірнеше жыл бұрын қазақстандықтарды Мәрлен мен Әнелдің махаббат хикаясы тәнті еткен еді. Әнел 16 жасында ауыр дертке шалдығып, 7 жыл күрескен. Бірнеше рет ота жасатқан. Ал Мәрлен сүйіктісімен бірге ауруханаға жатып, әрдайым қасында болған. Кейін Әнел дертін жеңіп шықты. Былтыр екеуі сәби сүйіп, атын Дінмұхамед деп қойған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!