- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайберген Қазақстанның...
Димаш Құдайберген Қазақстанның оңтүстігіндегі үңгірде не істеп жүр?
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркістанда жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өңірдегі Ақмешіт үңгірінде бейнебаян түсірмекші.
Түркіәкімі Дархан Сатыбалды арнайы кездесіп, құрмет көрсетті.
Димаш Құдайбергеннің өзі Түркістанның жаңа кейпіне таңғалынын айтты.
"Түркістанның жаңа кейпіне, өзгеріске таңғалдым. Ұнап жатыр барлығы. Ес білгелі алғаш рет келуім, ерекше әсер алдым. Елдің осындай әдемі шаһарда тұрып жатқанын, еңсесі көтеріліп жатқанын көргеніме қуанып отырмын. Түркістан бүгінде түркі әлемінің туристік астанасына айналып, дүние жүзіне танылып жатыр. Ең бастысы еліміз тыныш болсын! Қалаларымыз әлемге танылып, халқымыздың дүниетанымы, руханияты көкжиегі кеңейе берсін!", – деді Димаш Құдайберген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан