- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген Франция президенті Макронға алғыс білдіріп, жазба жариялады
ҚР Халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген Франция президенті Эмманюель Макронға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Таяуда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары болды. Осы сапарда еліміздің делегациясының құрамында болғаным үшін қуаныштымын. Президент Эманнюэль Макронға шақыруы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын", - деп жазды. ол.
Сондай-ақ ол Елисей сарайында өнер көрсеткені жайлы сезімін бөлісіп, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ыстық ықыласын білдірді.
"Елисей сарайының қонақтарына арнап француз тілінде "SOS d’un terrien en détresse" әнін шырқап, француз достарымызға ыстық ықыласпен қазақтың "Дайдидау" халық әнін таныстырдым. Екі елдің арасындағы мәдени байланыс кеңейіп, нығая берсін!", - деп қосты ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің хорватиялық виолончелист Степан Хаусермен бірге түсірген видеосы 24 сағатта 2,5 миллион қаралым жинағанын жазған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин