Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концертін өткізеді. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында Stranger атты концертім өтеді! Бұл - менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сату басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз!" - деп жазды ол.
Айта кетейік, 30 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген YouTube-арнасында биыл ақпанда шыққан Okay әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсауын кескен еді.