Димаш Құдайберген Almaty Open ATP турниріне қатысады

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP турниріне қатысады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 рәсімінің ашылу салтанатына қатысады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы DimashNews сайты жазды. Димаш қатысатын турнирдің ашылу салтанаты 15 қазанда Almaty Arena-да өтеді. 

Турнир 2024 жылдың 13 қазаны мен 20 қазаны аралығында болады. Бұл – әлемнің 30 елінде өтіп жатқан ерлер арасындағы кәсіпқой теннис турнирі санатындағы жарыс.

Мұндай турнирдегі жеңістің нәтижесінде теннисші мен кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингіне 250 ұпай қоржынға ілінеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева