Әлем назарын өзіне қаратқан Димаш Құдайберген қазақстандықтарды 6 шілде Астана күнімен өзінің Instagram парақшасында құттықтады.
Ашықхат стиілнде берілген құттықтауда Димаш пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуде түскен суретінің анимациялық нұсқасын көруге болады. Құттықтауында "Мерекелеріңізбен!!!" деген жазуды хэштегтер жалғап әкетті. Бұл жазбасы 33 мыңға жуық лайк, 690-ға жуық пікірге ие болған.