Дильназ Ахмадиеваның әкесі оның ақ көйлек кигенін көргісі келеді

Дильназ Ахмадиеваның әкесі оның ақ көйлек кигенін көргісі келеді
Фото: instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстанның Халық әртісі Мұрат Ахмадиев қызының жеке өміріндегі сәтсіздіктер туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Revue News бағдарламасында айтты. 

"Кейде адамдардың жеке өмірінде қиындықтар болуы мүмкін. Мұндайда адамдар үмітін үзе бастайды. Мен жақсылыққа сенемін. Қызым өзінің екінші жартысын кездестіреді деп үміттенемін. Мен оның ақ көйлек кигенін күтемін", - деді Мұрат Ахмадиев қызының шағын концерті кезінде. 

Айта кетейік, жақында Орта Азияның "Алтын дауысы" атанған Дильназ Ахмадиева Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде соло кеш өткізген болатын. Алайда "ортамды тазаладым" деген әншінің бұл шағын кешінде эстрададағы әріптестері бой көрсетпеді. Есесіне, отбасы, ата-анасы мен бауырлары жанынан табылды. 

Еске салайық, жақында Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуіне қатысты сұрақтарға жауап берген болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева