Дильназ Ахмадиева жақында мюзикл форматында концерт береді

Дильназ Ахмадиева жақында мюзикл форматында концерт береді
Фото: instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева келесі жылы сахнада жүргеніне 25 жыл толуына орай соло кешін өткізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орта Азияның "Алтын дауысы" атанған әншінің сахнада жүргеніне келесі жылы ширек ғасыр болады. Әнші атаулы датаға орай жеке есеп беру кешін өткізуді жоспарлап отыр. 

Жақында Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде соло кеш өткізген Дильназ Ахмадиева Revue News бағдарламасының тілшісіне сұхбат берді. 

"Бүгін кішігірім соло кешім өтіп жатыр. Кішігірім деп айтуымның себебі - тек 40 минутқа созылатындықтан. Бұл келесі жылы болатын үлкен концертке дайындық десек, артық айтқаным емес. Алдағы жылы Республика сарайында ауқымды соло концерт өтеді. Бұл кештің мюзикл форматында актерлік қойылымдармен өткенін қалаймын", - деді әнші. 

Дильназ Ахмадиеваның айтуынша, жеке концерті толықтай мюзикл форматында болмайды, шығармашылық ұжым әлі ойластырып жатыр екен.

Сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері тек Алматыда емес, Астанада және еліміздің басқа да өңірлерінде концерт беруді жоспарлап отыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева