Дикий Арманның әйелі мәлімдеме жасады

Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сотталған Арман Жұмагелдиевтің әйелі Айкөл Аликжанова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол неке қию туралы куәлігін жариялап, Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевпен ресми түрде ажырасқанын айтты.

"Арманмен заңды некеде болдық. Үлкен махаббатпен қосылып, оның бастамасымен ажырасып жатырмыз. Оны күтіп, қолдауға дайын едім. Бірақ Алла басқаша жазды. Біздің бір қызымыз бар, ол - оның жалғыз баласы. Бұған дейін оның ресми некесі де, баласы да болмаған", - деді ол.

Айкөл Аликжанова араларында араздық жоқ екенін, ата-ана ретінде қалатындарын жеткізді.

"Барлығына егжей-тегжейін айтқым келмейді, өсек-аяңды тоқтатуды сұраймын", - деді ол.

Дикий Арманға қатысты іс

Еске салайық, 2025 жылы Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды

©️ Tengrinews.kz

27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот шешімі шықты. Осылайша, Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелеріне, ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс аяқталды.

Руслан Ысқақов/Ақбота Сіләм

facebook.com/KudaibergenKairat

Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

видео кадры

2025 жылы 26 қарашада Алматы қалалық сотының апелляция алқасы істің негізгі қатысушыларына қатысты бірінші сатыдағы сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!