Біраз уақыт бұрын Youtube-те Дикий Арман деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты жабық сот процесінің видеолары пайда болды. Бұл жағдайға Бас прокуратура пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура видео тарап кетуіне қатысты тергеу басталғанын растады.
"Алматы прокуратурасы соталды тергеп-тексеру басқармасының іс жүргізуінде Қылмыстық кодекстің 423-бабы (сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету) бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған Бас прокуратураның Tengrinews.kz-ке жауабында.
Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жаңабаев прокурордың немесе судьяның рұқсатынсыз соталды іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы деректерін жария ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндірді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 423-бабына сәйкес жазалау шараларына мыналар жатады:
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеруді жария етуге жол бермеу көзделген. Бұл бапта істің жариялығын тек прокурордың рұқсатымен ашуға болатыны айтылады. Конституцияға сәйкес Бас прокуратура Қазақстан аумағында заңнама біркелкі қолданылуын қадағалайды", - дейді Жаңабаев.
Сот процесі басталар алдында судья барлық қатысушыға ережелерді хабардар етеді. Сот отырысын жазуға, стенограммаға басып алуға, фото немесе бейнетүсірілімге судьяның рұқсатымен ғана жол беріледі.
Еске салайық, 2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты 7 мамырда Алматыда полиция Дикий Арман лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алған еді. Ол Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында қамауда отыр.
Кейінірек Дикий Арман 24 адамды күшпен ұстағаны айтылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!