- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дикий Арманды қамауға...
Дикий Арманды қамауға алу мерзімі тағы ұзарды
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 6 желтоқсанда Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарған.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина