- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дикий Арманды қамауда...
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.
Абай Жарылқасынның айтуынша, 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шыққан.
"Сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту санкцияланды, бұл 2023 жылдың 7 наурызына дейін", - делінген хабарламада.
Еске салайық,кеше 5 қаңтарда Мәжілісте Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу нәтижелері айтылып, тәртіпсіздік кезіндегі кадрлар көрсетілді. Сонымен қатар, тәртіпсіздік барысында Дикий Арман тобы қандай қылмыс жасағаны айтылған болатын.
Бас прокуратура жариялаған мәліметтерге сүйенсек, тәртіпсіздікте 12 қылмыстық топ әрекет еткен.
Қасіретті қаңтарда 12 ҰҚТ әрекет еткені белгілі болды. Олардың ішіндегі ең белсенділері - "Қазақстандықтар", "Айшуақ-Жантүгел" және "Дикий Арман" топтары. Соңғысы қаланың әр жерінен 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, "Қазақстан", Ritz-Carlton қонақүйлерінің паркингтерінде ұстаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина