• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Дикий Арман ісіндегі судья жаңа қызметке тағайындалды

Дикий Арман ісіндегі судья жаңа қызметке тағайындалды
Фото: sud.kz

Дикий Арман ісіндегі судья Асхат Әшірбеков Әскери соттың сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Президенттің жарлығымен бұл қызметке 2025 жылғы 13 наурызда тағайындалған.

Еске салайық, 27 қаңтарда Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды. 

Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әшірбеков туралы не белгілі?

Асхат Әшірбеков 1981 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Әшірбековтің судья ретіндегі еңбек өтілі 17 жылдан асады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget