- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог тері қартаюын...
Диетолог тері қартаюын тежейтін әдісті атады
Диетолог, нутрициолог Ирина Писарева Ura.ru басылымына берген сұхбатында терінің қартаюын тежеуге көмектесетін әдісті атады. Оның айтуынша, адам тазартылған қанттан толық бас тартса, бұған қол жеткізе алады. Сонымен қатар, бұл артық салмақтан арылуға, қант диабеті мен гипертония қаупін азайтуға, қан тамырлары жағдайын жақсартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Адам тазартылған қант пен оның құрамындағы тағамдардан бас тартса, артық салмақтан арылады. Сонымен қатар, дене салмағын бақылау оңай болады, өйткені тәтті тағам ағзаны аз уақытқа тойдырады. Бірақ әсері ұзаққа бармайды. Бұл қант диабетінің алдын алуға көмектеседі. Қантты тұтынбау қысымды реттейді және гипертония қаупін азайтады. Жүрек пен миды оттегімен қамтамасыз етеді", - дейді маман.
Оның айтуынша, тәттілерді көп мөлшерде тұтынбайтын адамдар физикалық тұрғыдан белсенді болады, олардың беті тегіс болады әрі әжім кеш пайда болады. Сонымен қатар, ол қанттан толықтай бас тарту мүмкін емес екенін атап өтті. Өйткені глюкоза ағза үшін негізгі энергия көзі саналады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова