Диетолог Елена Соломатина мускат жаңғағын жиі тұтыну денсаулыққа зиян екенін айтып, аз мөлшерде қолдануға кеңес берді, - деп хабарлайды News.ru басылымы.
Диетологтың айтуынша, мускат жаңғағын тағамға өткір дәм беру үшін қосқанда пышақтың ұшымен салу жеткілікті, себебі көп мөлшерде пайдалану жүйке жүйесінің бұзылуына, галлюцинацияға тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
"Тіпті аз мөлшерде артық дозаланғанда, бас айналып, адамның миы дұрыс жұмыс істемей қалады. Бұл есірткі секілді, улы дәмдеуіш деп айтуға болады", - деп түсіндірді Соломатина.