Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, кардиолог Светлана Павличенко Газета.Ru басылымына берген сұхбатында таңғы асқа пайдалы өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, таңертең тамақтану үшін күрделі көмірсуларға бай тағамдарды таңдаған жөн. Маман олар біртіндеп сіңіп, денені біркелкі энергиямен қанықтыратынын айтады.
Диетологтың айтуынша, таңғы асқа арналған ең жақсы тағамдардың ішінде дәнді дақылдардан жасалған ботқалар бірінші орында. Сондай-ақ, ол жаңа піскен немесе мұздатылған жемістер мен жидектерді қосуды ұсынды.
Павличенко таңғы асқа жұмсақ, тұзы азырақ балық пен авокадо қосылған ірі ұн сэндвичі де пайдалы екенін атап өтті. Диетологтың айтуынша, оның құрамында ақуыз, пайдалы қанықпаған май қышқылдары, оның ішінде омега-3 бар.
Сонымен қатар, ашыған сүт өнімдері таңғы асқа пайдалы. Павличенко қантсыз йогурт және сүзбе кальций мен ақуызға бай екенін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!