- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог таңертең ашқарынға...
Диетолог таңертең ашқарынға неліктен банан жеуге болмайтынын түсіндірді
Банан денсаулыққа пайдалы жеміс және ағза үшін маңызды минералға бай. Дегенмен, ұлыбританиялық диетолог Д. Дэрил Джоффр бананды таңғы асқа жеуге болмайтынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, бананды таңғы ас үшін ең жаман нұсқа десек қателеспейміз, мұның 3 себебі бар.
Фруктозаның жоғары мөлшері. Бұл қандағы қант деңгейінің тез көтеріліп, кейін күрт құлдырауына әкеледі. Ағзадағы мұндай өзгерістер тәбетті жоғарылатады.
Шаршау және зейіннің нашарлауы. Қандағы қант деңгейінің төмендеуі шаршау мен мазасыздықты тудыруы мүмкін.
Ас қорыту жүйесінің гипер қышқылдануы. Бананның құрамындағы қант ас қорыту кезінде ашытылып, алкогольге айналады. Бұл қабынуды тудыруы мүмкін қышқылдарды шығарады, салдары остеоартрит және подагра сияқты ауруларға әкеп соқтыруы ықтимал.
Таңертең ашқарынға банан жеудің мұндай теріс әсерінен дұрыс тамақтанып қана құтылуға болады. Яғни, бананды әрдайым пайдалы майлар, шөп және дәмдеуішпен араластырып жеуге тырысу керек. Олар қышқылды бейтараптандырып, зат алмасу жұмысын қолдай алады.
Айта кетейік, бұған дейін кімдерге банан жеуге болмайтыны хабарланған болатын.
Бананның пайдасы көп бола тұра, оның кейбір адамдарға зияны да бар. Жалпы, банан зиян жеміс емес, тек кейбір ауруы бар адамдарға не науқастарға жеуге болмайды.
Банан көп жейтіндердің (күніне 5-еуден көп) басы ауырып, ұйқы басуы мүмкін. Сондықтан нормамен жеген жөн.
Бүйрегі ауыратын адамдарға банан көп жеуге болмайды. Өйткені банан ағзадағы суды сыртқа шығарып жіберетін жеміс, ал бүйрекке ағзада судың жеткілікті болғаны қажет.
Көктамыры қабынған (тромбофлебит) адамдарға банан аз жеу керек. Ағзада су азайып қалса, қан тамыры сусап, қоюланып кетеді. Содан қан айналымы нашарлауы мүмкін.
Асқазаны ауыратын адамдарға да болмайды. Өйткені банан асқазанда ұзақ қорытылатын жеміс. Ас қорытуы бұзылған жағдайда, бананды қорыту қиын болып қалады. Одан бөлек, банан қыжылды көтеруі мүмкін.
Диабетке шалдыққандардың да банан жемегені жөн. Себебі қандағы глюкоза деңгейін көтеріп жіберуі мүмкін.
Салмағы көп адамдарға да бананды аздап жеген дұрыс. Бананның калориясы көп, онсыз да толық адамның одан әрі толуына себепші болуы мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әбілқайыр хандығының құрылу тарихы қандай? Әбілқайыр хандығы басқаша қалай аталды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә