- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог тамақ ішкеннен...
Диетолог тамақ ішкеннен кейін не істеуге болмайтынын айтты
Диетолог Нидхи Шарма тамақ ішкеннен кейін бірден не істеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
"Біз ағзамызға қаншалықты зиян келтіретінімізді білмейміз. Әдетте адамдардың зиянсыз болып көрінетін әдеттері бар, бірақ шын мәнінде, олар ағзаның әлсіреуі және әл-ауқаттың нашарлауына әкеледі. Қазір олардан бас тарту қажет", - дейді диетолог Нидхи Шарма.
Тамақтанғаннан кейін бірден суға түспеңіз. Тамақтанғаннан кейін қан ас қорытуға көмектеседі. Душқа түскенде дене температурасы өзгеріп, денеге қан жүреді, бұл ас қорытудың бұзылуына және баяулауына әкелуі мүмкін.
Күш салатын жаттығулардан аулақ болыңыз. Егер жүгіруді, жылдам жүруді немесе үй тазалауды бастасаңыз, бұл жүрек айнуын, ас қорытылмауын және қышқыл рефлюксін тудыруы мүмкін.
Тамақтанғаннан кейін бірден диванға жатпаңыз. Бұл асқазан қыжылын тудыруы мүмкін. Түскі немесе кешкі астан кейін бірден ұйықтамаңыз. Бұл жағдайда барлық метаболика процесі баяулайды, соның арқасында калориялар май тініне айналуы мүмкін. Сонымен қатар, түстен кейін ұйықтау метеоризм мен іштің қатуына әкелуі мүмкін. Тамақ ішкеннен кейін бірден ұйықтау әсіресе жүрек ауруы, атеросклероз, қан қысымы жоғары адамдар үшін қауіпті.
Тамақтанғаннан кейін бірден көп су ішпеңіз. Судың артық мөлшері асқазан сөлін сұйылтып, ас қорытуды нашарлатады.
Жемістерді тамақтан кейін бірден жеуге болмайды - бұл қоректің сіңуін нашарлатуы мүмкін. Жемістерді таңғы ас пен түскі ас арасында, сондай-ақ, түскі ас пен кешкі ас арасында жеген дұрыс.
Тамақтан кейін шай немесе кофе ішпегеніңіз дұрыс - олардың құрамында кейбір фенол қосылыстары бар - мысалы, стейктен кейін кофе ішсеңіз, темір аз сіңеді. Ал шайда рН төмен, бұл ақуыздар мен майлардың ас қорыту процесіне теріс әсер етеді.
Ішімдік ішпеңіз, темекі шекпеңіз. Диетолог Нидхи Шарманың айтуынша, тамақтан кейін ішімдік ішу денсаулыққа қауіпті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек