Диетолог Наталья Лазуренко шай туралы танымал мифті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лазуренко шай антиоксиданттардың, В дәрумендерінің және микроэлементтердің бірегей көзі екенін айтты. Сонымен қатар, шай адамға қуат беріп, ішкі ағзаларға токсиндерді тиімді жоюға көмектеседі екен.
"Шай жалпы метаболизмге әсер етіп, оны тездетуі мүмкін. Осылайша, көмірсулар мен май алмасуына әсер етеді. Салмақ тастау үшін бұл өте маңызды", - деді маман.
Лазуренко шай адамға салмақ тастауға көмектесу үшін оны рационға дұрыс енгізу керек екенін айтты. Маманның сөзінше, сусынды қосымша тағамсыз, тек өзін ішу керек, дегенмен адамдар әдетте шайды тағам, десерттермен ішкенді жөн көреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!