- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог негізгі жаңажылдық...
Диетолог негізгі жаңажылдық өнімнің пайдалы қасиеттері туралы айтты
Уылдырықты тұтынудың белгілі бір уақыты мен мөлшері жоқ. Бірақ оның калориясы жоғары болғандықтан күніне 20-30 грамнан артық жеуге болмайды. Диетолог Линда Хасанова жаңажылдық өнімнің пайдалы қасиеттері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Уылдырықтың құрамында толық белоктар мен майлар, А витамині, кальций, фосфор, темір бар. Сондай-ақ бұл өнімде ақуыздар, минералдар, В дәрумендері, омега-3 май қышқылдары басым пайдалы майлар және организм үшін құнды лецитин бар. Осы композицияның арқасында уылдырық мидың, сүйектердің, буындардың, терінің және шаштың жұмысына өте пайдалы. Сонымен қатар, ол атеросклероздың және ауыр жүрек және қан тамырлары ауруларының дамуын болдырмауға, иммунитетті нығайтуға және көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
Қарапайым адамдар уылдырықты нан мен майға жағып жейді. Тіпті қаймақ немесе кілегейлі ірімшік қолданады. Егер бұл дәм сізге ұнаса күніне бір мәрте жеуге болады. Ал егер сіз шынымен де сапалы және дәмді уылдырықтан барынша ләззат алғыңыз келсе оны таза күйінде жеу керек.
"Уылдырықты тұтынудың стандарттары жоқ. Диетаның жақсарғанын қаласаңыз, диетаңызды уылдырықпен және басқа да азық-түлік топтарымен әртараптандырыңыз: ет, балық, сүт, дәнді дақылдар, сондай-ақ көкөністер, жемістер, жаңғақтар. Жоғары калориялы және майдың жоғары мазмұнын ескере отырып, уылдырықты тұтынуды тәулігіне 20-30 грамға дейін шектеу ұсынылады. Бұл салмақтың өсуіне әкелуі мүмкін калориялардан асып кетпеу үшін толығымен қолайлы мөлшер", - деп түсіндірді диетолог Линда Хасанова.
Сонымен қатар уылдырық кейбір адамдар үшін кері әсер етуі мүмкін. Диетолог ең алдымен аллергиялық реакциялар немесе оның компоненттеріне төзбеушілік болса оны тұтынуды шектеуді ұсынады. Сондай-ақ сақтау мерзімін ұзарту үшін уылдырықтың әртүрлі концентрациясында тұз қосылатынына назар аударуды сұрады. Бұл өнімді артериялық гипертензия және ісінуге бейімділік жағдайында теріс пайдаланбау керек деп дәрігер сөзін қорытындылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов