Негізі аппетитты ашатын үлпілдек нанның зиян құпиясы бар. Өйткені өндірушілер нанның кейпін жақсарту үшін түрлі қоспа қосады, ал олар денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Терпевт, диетолог Татьяна Солнцева нанға қосылатын арнайы қоспа қандай аурулардың дамуын өршітетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
Дәрігердің сөзінше, Кеден одағының Заңы бойынша семикарбазид, кальций броматы және калий броматы секілді кейбір тағамдық қоспаларға тыйым салынған. Бұл қамырды жұмсақ әрі серпімді ететін заттар.
"Алайда кейбір өндірушілер бұл қоспаларды нан өнімдеріне қосады", - деді Татьяна Солнцева.
Сонымен қатар, маман бұл қоспалар адам ағзасына нақты қалай әсер ететінін де түсіндірді. Мысалы, олар қалқанша безі, асқазан-ішек жолдары және қуық асты безінің онкологиясының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін семіріп кетпес үшін ұннан жасалған тамақтарды қалай жеу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Аузы берік адам біреумен ұрсысып қалса, оразасы бұзыла ма?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз