Диетолог майлы тағамның зиянын азайтатын сусынды атады

Апельсин шырыны майлы және жоғары көмірсутекті тағамдардың теріс әсерін ішінара бейтараптандырады. Сусынның бұл пайдасы туралы диетолог Лиза Афинская Telegram-арнасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман апельсин шырынында қабыну мен тотығу стрессін төмендететін флавоноидтар мен С дәрумені көп екенін түсіндірді. Сондықтан егер пицца немесе бургер секілді фастфуд жеген кезіңізде осы шырынды ішетін болсаңыз, майлы тағамның зияны азаяды.

Сонымен қатар, диетолог фастфуд пен соған ұқсас тағамдардың теріс әсерін азайтатын басқа тағамдарды атады. Оның айтуынша, жаңа піскен апельсин мен жүзімнің әсері тура осындай.

Лиза Афинская бұл әдісті ауыр тағам жегіңіз келгенде қолдануға шақырды. Ең бастысы, ол мұны жиі жасамау және норманы есте сақтау керегін түсіндірді.

Еске салайық, бұған дейін суықта ағзаға энергия сыйлайтын 8 азық-түлік тізімі жарияланған болатын. 

  • Кофе;
  • Астық үлпектері;
  • Жұмыртқа;
    Жаңғақтар мен кептірілген жемістер;
  • Шай;
  • Апельсин шырыны;
  • Алма;
  • Шоколад.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!