- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог қатерлі ісіктің...
Диетолог қатерлі ісіктің алдын алатын өнімдерді атады
Фото:
pixabay.com
Диетолог Михаил Гинзбург қатерлі ісіктің алдын алатын азық-түліктерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Диетологтың сөзінше, теңіз балығы, жарма, жидектер мен көкөністер, бұршақ дақылдары мен ашытылған сүт өнімдері қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал етеді.
"Олардың бәрі қатерлі ісіктің пайда болуына себеп тіндердің қабыну қаупін азайтады, сонымен қатар, жасушалардың генетикалық аппаратын жасуша мутациясынан қорғайды", - дейді Гинзбург.
Сондай-ақ, дәрігердің сөзінше, бұл тағамдар қатерлі ісіктің өсуін баяулатады және метастаздың алдын алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина