- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог қандағы қант...
Диетолог қандағы қант деңгейін төмендететін әдетті атады
Қандағы қанттың жоғары деңгейі қан тамырларынын зақымдайды, бұл адам денсаулығына теріс әсер етіп, түрлі ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Диетолог Шеннон Кнапп осындай салдардың бір ғана қарапайым әдетпен алдын алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Heilpraxis" сайтына сілтеме жасап.
Диетологтың айтуынша, күнделікті тамақтанғаннан кейін таза ауада серуендеу қандағы қант деңгейін төмендетеді. Барлығы 5-9 минут серуендеу жеткілікті.
Сонымен қатар, тұрақты физикалық белсенділіктен басқа, дұрыс тамақтанып, стресстен аулақ болу керек.
Бұдан бөлек маман қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін пайдалы кеңесін бөлісті:
- Ұйқының сапасын жақсартыңыз;
- Салмағыңызды бақылаңыз;
- Талшықты көбірек жеңіз;
- Қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін тағамдарды тұтыныңыз;
- Көмірсу мөлшерін бақылаңыз;
- Сұйықтықты көп ішіңіз
- Тұрақты түрде жаттығу жасап тұруға тырысыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін қанда қант көбейіп кеткенін білдіретін белгілер қандай екені хабарланған болатын.
Қандағы қанттың көбейіп кеткенін білмей жүре берсек, ақыры жақсы емес. Қант диабеті, инсульт, деменция, қан-жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін. Көздің нашарлауы да осы қанттың көптігінен болады.
Басты 6 белгі бар екен. Олар:
- Дәретке жиі бару;
- Шөлдеу;
- Аяқасты әлсіреу;
- Қарын ашу;
- Көз нашарлау;
- Невропатия;
Тағы да оқи отырыңыздар: Құрманың ағзаға қандай пайдасы бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә