- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог қан қысымын...
Диетолог қан қысымын төмендететін көкөністерді атады
Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Наталья Денисова тәтті бұрыш пен шикі қызылша шырыны қан қысымын төмендетіп, капиллярларды нығайтуға көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі health.mail.ru-ға сілтеме жасап.
"Денсаулықты жақсарту үшін күніне жарты тәтті бұрыш жеу жеткілікті. Ол калийге, С дәруменіне және сирек кездесетін Р витаминіне бай, олар капиллярлардың – ұсақ қан тамырларының беріктігін арттырады", - деді дәрігер.
Гипертонияға арналған диетаға қызылшаны да қосу керек. Күніне бір стақан қызылша шырынын ішу оның құрамындағы нитраттардың арқасында гипертониямен ауыратын науқастардың қан қысымын төмендететіні дәлелденді.
Сонымен қатар гематолог Александр Серяков гиперкоагуляция синдромы неліктен пайда болатынын және оның қауіптілігі қандай екенін түсіндірді.
"Медицинадағы «гиперкоагуляция синдромы» - бұл қанның тез ұйып қалуы, оның қоюлану жағдайы. Бұл синдромы бар науқастар тромбозды сезінуі мүмкін, бұл инфарктқа немесе инсультке әкелуі ықтимал", - деді дәрігер.
Қан қоюланған кезде адамда: бас ауруы, аяқ-қолдардың ұюы, көру мен естудің нашарлауы, қатты ентігу, мазасыздықтың күшеюі, ұйқышылдық және бұлшықет ауыруы мүмкін.
Гиперкоагуляциялық синдром әртүрлі факторларға байланысты туындайды. Мысалы: артық салмақ, жаман әдеттер, күйік және айтарлықтай гипотермия, стресс, генетикалық бейімділік және т.б.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов