Дәрігер Майкл Мосли ауырғанда дәрі сатып алу үшін дәріханаға жүгірмес бұрын көкөніс дүкеніне барып көруді ұсынды. Себебі көкөніс - табиғи дәрі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігерлер көкөніс пен жемістерді мүмкіндігінше жиі жеу керегін үнемі еске салады. Адам күніне 5 көкөніс не жеміс тұтынуы керек. Мысалы, олар алма, қияр, қызанақ, банан және қара өрік болуы мүмкін. Мұның бәрі маусым және сіздің талғамыңызға байланысты.
Майкл Мослидің айтуынша, құрамында талшық бар өнімнен тұратын ас мәзір артық салмақ тастап, тері және асқазан-ішек жолдарының жағдайын жақсартып, өзін сергек сезінуге көмектеседі. Бірақ барлық көкөністің кем дегенде біреуіне мұқият назар аударған жөн.
Әңгіме қызылша туралы. Бұл арзан және бір қарағанда өте қарапайым көкөніс ағзаға көп пайда әкелуі мүмкін.
Біріншіден, қызылша либидомен мәселесі бар адамдарға көмектеседі. Бұл жаңалықты ежелгі римдіктер жасаған!
"Бір қызығы, римдіктер қызылшаны афродизиак ретінде қолданған. Ісері қазіргі дәрімен бірдей. Әлеуетті жақсартып, либидоны көтеруге арналған дәрі-дәрмектер азот оксидінің бөлінуі мен қан тамырларының кеңеюін тудырады. Табиғи нитраттарға бай қызылша да тура осылай әсер етеді", - дейді Мосли.
Екіншіден, қызылша қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Өйткені қызылшаның құрамындағы элементтер қан тамырларының кеңеюіне ықпал етеді.
"Нитрат ауыздағы бактерияларды азот оксидіне айналдырады. Бұл қан тамырларының кеңеюіне әкеледі. Яғни, қызылша шынымен де жоғары қан қысымнан құтқара алады! Мұны тіпті көптеген зерттеу дәлелдеді. Әсіресе бұл көкөністен алынған шырын пайдалы", - дейді Майкл Мосли.
Қызылшаны қалай дайындаймыз?
Қызылша пісіруге, сығылуға, қайнатуға, бұқтыруға, маринадтауға және кептіруге өте ыңғайлы.
Қызылшаны тұтынудың ең пайдалы түрі - тұз бен сарымсақ қосылған зәйтүн майы немесе лимон шырыны қосылған сәбіз және үгітілген шикі қызылшадан жасалған салат.
Қызылшаны қайнатудың қажеті жоқ. Оны фольгаға орап, жұмсақ болғанша 1 сағат пеште пісіру жеткілікті.
"Винегрет" салатын ұнатпайтын жаны эстетиканы сүйетін жандар үшін
Қызылшаны пісіріп, жақсылап езетін болсаңыз, хумусқа бәсекелес бола алатын дәмді тағам дайындауға болады. Қызылшаның тәтті сұрыбын смузиге қоссаңз, өті дәмді болып шығады. Қызылшаны пісіріп, төртбұрышты етіп турасаңыз ешкі ірімшігі, қарапайым және пекан жаңғақтарымен тамаша үйлеседі.
Айта кетейік, бүған дейін күзде әйелдерге жеуге ұсынылатын 7 тағам туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам ұйқысыз қанша күн жүре алады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!