- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог жастықты ұзартатын...
Диетолог жастықты ұзартатын өнімді атады
Диетолог, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург теңіз шырғанағы В, А және С дәрумендеріне бай екенін, бұл жидектерді пайдалану ағзаға жақсы әсер етіп, жасартатынын айтты, - деп хабарлайды Gazetа басылымы.
Дәрігердің айтуынша, теңіз шырғанағын үнемі пайдалану жаралар мен кесілген жерлерді тез емдеуге ықпал етеді, өйткені жидектер жасушалардың қалпына келуіне жауап беретін және жазылу процесін тездететін Е және В дәруменіне бай.
"А және Е дәрумендері антиоксиданттар. Олар ерте қартаюдан және қатерлі ісіктен қорғайды, жүрек пен қан тамырларын антиоксиданттық заттармен қамтамасыз етеді", - деді дәрігер.
Гинзбург күніне бір шай қасық теңіз шырғанағын жеуге кеңес береді, бірақ кейбір адамдар оны диетаға қосудан сақ болуы керек.
"Асқазан-ішек жолдары ауруларының өршуі кезінде теңіз шырғанағынан бас тартқан дұрыс, оның құрамында асқазанның шырышты қабығына әсер ететін аскорбин қышқылы бар", - деп ескертті маман.
Теңіз шырғанағының пайдалы қасиеттері мұздату кезінде жоғалмайды, сондықтан жидектерді жеміс сусындарына немесе шөп шайларына қосуға болады, деді диетолог.
Г. Досымшалова