- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог холестерин деңгейі...
Диетолог холестерин деңгейі жоғары адамдарға жеуге болмайтын 7 азық-түлікті атады
Холестерин деңгейінің жоғары болуы инсульт пен инфаркттың негізгі қауіп факторының бірі. Сондықтан диетолог Рози Мартин мұндай адамдарға жеуге болмайтын 7 азық-түлікті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрамында қаныққан майлары бар тағамдарды көп жеу, холестерин деңгейінің жоғарылау қаупін арттырады. Сарапшы холестерин деңгейі жоғары адамдарды нақты 7 тағамды тұтынудан сақтандырды. Олар:
- ет, ірімшік, кілегей және май сияқты жануарлардан алынатын өнімдер;
- сондай-ақ торт, печенье және кондитерлік өнімдер секілді ультра өңделген тағамдар.
Қаныққан майлар қандағы холестеринді кетіріп, оны ыдырататын бауыр рецепторлар қызметін бұғаттауы мүмкін. Ал холестерин аз ыдыраса, жиналып, салдарынан адам ауыр ауруларға шалдығуы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін холестерин деңгейін дәрісіз түсірудің 5 жолы хабарланған боалтын.
- Диетаны қадағалау;
- Көбірек қозғалу;
- Темекіні тастау;
- Салмақ тастап, арықтау;
- Алкогольден бас тарту.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қадір түні қандай дұға оқу керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә