Диетолог, нутрициолог Лилия Стародубцева бауыр саулығын қолдайтын және өт ағуына көмектесетін ең пайдалы 5 тағамды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, күн сайын су ішу керек. Су 50 градустан ыстық және 40 градустан суық болмауы шарт, ал шай немесе кофе судың орнын баса алмайды, яғни ыстық сусын ішсем, судың орнын толтырамын деген қате пікір. Суды жеткілікті мөлшерде ішпей, бауыр қызметін жақсарту мүмкін емес. Ересек адамға бір келі салмаққа 30 миллилитрге дейін ішу керек, бірақ адамда ісіну болса, онда оған күніне бір литр су жеткілікті.
Сондай-ақ, пайдалы майларды тұтыну маңызды. Мысалы, бұл солтүстік теңіз балықтарында кездесетін Омега-3. Алайда дәрігер артық майдың зиян екенін ескертті.
Бауыр саулығы үшін үшінші маңызды өнім - талшық. Бірақ қатты емес, жұмсақ талшық тұтынған маңызды.
Лилия Стародубцева төртінші пайдалы өнім ретінде - қызылша шырынын ұсынды. Оның құрамында жұмсақ талшық бар және антиоксидантқа бай.
Маман кіресгүлді көкөністердің пайдасы туралы да айтты. Мысалы, оларға брюссель және брокколи қырыққабаты жатады. Олардың көмегімен ісік процестерімен күресуге көмектесетін ферменттер жасалады.
"Өнім пайдалы болуы үшін оларды күн сайын жеу керек", - дейді диетолог.
Айта кетейік, бұған дейін "Ауыздан жағымсыз иіс шығу". Бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз мейрамында неше күн демаламыз?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!