Диетолог Елена Тихомирова арықтауға көмектесетін 3 дәруменді атады, - деп хабарлайды "Известия" басылымы.
Оның айтуынша, дененің қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық дәрумен қажет. Ал D, B және C дәрумендері арықтау кезінде маңызды рөл атқарады. D дәрумені метаболикалық процестердің қарқындылығын реттейтін ерлер мен әйелдердің жыныстық гормондарының синтезіне қатысады. Сондай-ақ, тәбетті төмендете отырып белсенділіктің, көңіл күйдің көтерілуіне көмектеседі.
В тобының дәрумендері майдың тотығу катализаторы. Олар майды ыдырату процесін жылдамдатады.
С дәрумені денеде коллаген синтезінің функциясын орындайды, бұл салмақ жоғалтуға да ықпал етеді. Диетолог оны ең маңызды антиоксиданттардың бірі екенін айтты. Бұл дәрумендерді күнделікті тұтыну керек.